Израиль Иранның дрон шығаратын зауытын атқылады
Израиль әскерлері Иранның Сирия елінде орналасқан дрон шығаратын зауытын атқылап, оның жабдықтарын жойып жіберді.
Бұл туралы «Стопкор» хабарлады.
Сирия құқық қорғаушылары Израильдің Димас әскери аэропортына авиациядан соққы беріп, Иранның ұшқызсыз ұшатын аппаратын шығаратын жабдықтарды түгел қиратып тастады.
«Сирия адам құқығы жөніндегі бақылау кеңесі» (SOHR) Израиль ракеталарының Сирияның батысындағы Риф-Димашк провинциясындағы Димас әуежайы ауданына тура соққы беріп, Иранның ұшқышсыз ұшатын аппаратын құрастыру үшін пайдаланылатын жабдығын жойып жібергенін хабарлады. Сонымен бірге, аэропорттың радар және ұшу-қону белдеулері де атқыланған.
SOHR-дың мәліметіне қарағанда, 2022 жылғы қаңтарда Дамаск (Шам) маңындағы Хомс елді мекенінде орналасқан Т4 аэропортынан қаланың батыс жағындағы Димас әскери әуе жайына дрондар жасау үшін керекті қарулар мен жарақтар партиясы жеткізілген.
Құқық қорғаушылар Иран мен оны қолдаушы содырлардың соңғы кездері Димас әскери әуежайын толық өз бақылауында ұстап отырғанын мәлімдеді.
Ресейге Украинадағы соғысқа пайдалану үшін берілген дрондардың бәрі осы жерде құрастырылып шығарылған деген де дерек бар.