Алматы әуежайында жолаушының пауэрбанкі жанып кетті

0

Бішкек рейсіне отыруы керек жолаушысының тексеру рәсімінен өту кезінде қуаттағыш құрылғысы жарылды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Оқиға «Эйр Астана» әуекомпаниясының халықаралық рейстерінің ұшу залында тексеру рәсімінен өту кезінде болды.

«Эйр Астана» әуекомпаниясының Алматы — Бішкек бағыты бойынша КС 109 рейсімен ұшатын Т.М. жолаушысында портативті зарядтағыш (Power bank) өртеніп кетті. Жолаушыларды зарядтау құрылғыларын тасымалдау ережелері туралы хабардар ету мақсатында «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ әуекомпанияның ережелерін басшылыққа алуға және қажет болған жағдайда кеңес алуға, сондай-ақ тіркеу рәсімінен өту кезінде әуекомпания мен әуежайлардың қызметкерлерін зарядтау құрылғыларының бар екені туралы хабардар етуге қатаң кеңес береді», — делінген хабарламада.

Dос 9284 ИКАО қауіпті жүктерді әуе арқылы қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулыққа сәйкес, қосалқы батареялар, соның ішінде қуат көздері қол жүгімен тасымалдануы керек және қысқа тұйықталудың алдын алу үшін жеке қорғалуы керек.

Әуекомпаниялар егер литий батареялары жүк ретінде тасымалданатын болса, онда олар ИКАО техникалық нұсқаулығының қолданыстағы редакциясына сәйкес тиісті түрде декларациялануы, таңбалануы және оралуы тиіс екенін еске салады.