Асанәлі Әшімовті көпшілік әуежайдан қошеметпен күтіп алды (видео)

0

Кино және театр актері Асанәлі Әшімовті әуежайдан шашу шашып күтіп алған көпшілік желідегілердің қошеметіне бөленді, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Бұл сәттің видеосын Динара Сәтжан Instagram парақшасында жариялаған. «Халық сені кез келген жерде Асанәлі Әшімов сияқты қарсы алатындай өмір сүру керек. Махаббатпен әрі жылы лебізбен. Адал ниетпен. Шын жүректен», — деп жазды ол. Айта кетейік, халықтың қошеметіне бөленген актердің видеосына желі жұртшылығы ризашылық білдірген. «Қандай керемет. Қазақ елінің тарихында есімі алтын әріппен жазылатын адам ғой», «Асанәлі ағамызға қандай қошемет көрсетсек те жарасады», «Осы кісіні ерекше жақсы көремін». «100 жасасын», «Барлық сый, құрметке лайық адам» деп жылы лебіздерін білдірді.