Оппозиция билікке көп мін тағады, ал өздері бос тірлікпен айналысып жүр – Елнұр Бейсенбаев

0
  Қазақстандағы оппозицияның қателігі неде? «Сұрауы бар» youtube арнасына сұхбат берген мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев мұның себебін түсіндіргендей болды. Айтуынша, Қазақстандағы оппозиция бос әлеуметтік популизммен ғана айналысуға ғана әуес.
«Біріншіден оппозициялық топ деген кімдер? Олар – билікке таласушылар. Кандидат ұсынылмады дегенмен келіспеймін. Қазіргі «Ауыл» партиясы, «Социал демократиялық партиясы» да оппозиция. Сондықтан саяси партиялар өз кандидаттарын ұсынды. Ертең додаға түседі», — дейді. 
Оның үстіне соңғы 20 жылда оппозицияның қатары да жасармаған. Себебі билікке өздері ғана таласуды қалайды. Міне, сондықтан жас толқынды дайындауға құлықсыз.
«Соңғы 20 жылда жаңа есімдер бар ма? Жастар бар ма? Мен айта алмаймын. Сол, оппозиция деген — Болат Әбілов, Жармахан Тұяқбаев қасында жүрген азаматтар, Ермұрат Бапи, Рысбек Сәрсенбаев деген сияқтылар. Жастардан бір өкіл бар – Жанболат Мамай. Неге олар жаңа адамды қастарына тартуға өздері мүдделі емес. Бір уақытта Тоқтар Әубәкіровтің өзі қатарларына алды да, бірақ ол кісі түсінді. Бәрі әлеметтік популизм, құр айқай-шу жетістікке апармайды. Оппозицияға саяси мектебін жасауы керек», — дейді.
Дегенмен, оппозицияның өз уәжі бар. Бізді 30 жылда саяси алаңнан күштеп аластарып жіберді дейді. Қаңтардан кейін Жамболат Мамай да қамауда отыр.
«Жанболат Мамайдың түрмеде отырғаннан гөрі оппозициялық топта болып, біз онымен саяси дискуссияларда мәселелерді талқылағанымыз әлде қайда тиімді еді, мен үшін. Онымен талай шайқастық қой. Дебатқа шақырып едім, Елнұр менің деңгейім емес деп сәлемін жолдапты. Мейлі. Деңгейін енді тапты ғой. Тек қана әлеуметтік желіде пікір алмастық. Саяси плюрализм деген осы ғой, әдемі емес пе?! Менің айтарым, оппозициялық күштер, жас толқынды дайындауға даярланыңыздар», — дейді.
Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеге өтіп көріңіздер.