«Ахмат — сила!», «Аллаху Акбар»: Кадыров балаларының соғысып жүрген видеосын жариялады

0
988

Ресейдің Шешен Республикасының басшысы Рамзан Кадыров Украинада балаларының соғысып жүрген видеосын жариялады.
Ол балалары қиян-кескі шайқастар болып жатқан майдан шебінде екенін айтып, ұлдарының Украинада қалай соғысып жатқанын көрсетті.
Бұл туралы ол Telegram-да хабарлады.
Кадыров 3 қазанда 16 жастағы ұлы Ахматты, 15 жастағы баласы Ели мен 14 жастағы Адамды қарамағындағы әскерилерге ертіп, Украинадағы соғысқа аттандырған болатын. Оның айтуынша, ағайынды Кадыровтар майданға келе салысымен украиндарға окоптан оқ жаудырып үлгерген. Олар гранатомет пен пулеметтен оқ атқан.

Менің ұлдарым шешендерге тән батыл мінез көрсетіп, істі бірден қолға алды. Олар менің аса қадірлі бауырым Ресей батыры Ахмат-Қажы Кадыровтың атындағы полицияның арнайы полкінің командирі Замид Чалаевпен бірге қарсы жаққа жақындап, қару қолданды. Біздің әскер Ичкерияның сарбаздарымен соғыста ерлік көрсетіп жатыр. Біз шешентілді шайтандарға ашық майданда соғысуға ұсыныс айттық. Олар бұл ұсынысқа жауап бермеді. Атышулы «еуроичкериялықтар» сөз жүзінде Ресейдің территорияларын басып алдық деп күлкімізді келтіріп жатыр. Біздің жігіттер өз орнында. Ахмат-сила! Аллаха Акбар!, — деп жазды ол.

Кадыров балаларының жауынгерлік позицияларда бола беретінін айтты.