Мәди Ахметов ақпараттық соғыстың құрбаны болды – депутат
Жағымпаздық 30 жыл бойы еліміздің түбіне жетті. Әр адамның ішінде «Мәди Ахметов синдромы» бар екені де рас. Лауазымы жоғары адамның алдында құрақ ұшқанды жақсы көреміз. Мақсат — оның қызметін пайдалану. Кезінде осы жас жігіттің ауызымен Назарбаевты пайғамбар жасадық. Оның обалы кімге? «Сұрауы бар» youtube арнасына келген мәжілісмен Елнұр Бейсенбаевқа осындай сұрақ қойылды.
«Меніңше Мәди Ахметов ақпараттық соғыстың құрбаны болды. Онымен келісу керек. Ақпараттың жетіспеушілігінен оны қоғам осылай қабылдап қалды. Мүмкін Мәди басқа да дүниелерді айтқысы келетін шығар. Бірақ БАҚ-тың кесірен оны ешкім естімейді», — дейді Елнұр Бейсенбаев.
Дегенмен Мәди Ахметов қоғам арасында жағымпаздықтың символы болып қалғандай. Кезінде Назарбаевқа ескерткіш қойып, пір тұтайық деген жас депутат қазір Тоқаевтың бастамаларын қолдаймын деп жүр.
«Ақпараттық ортада сондай пікір бар. Бірақ ол — Мәди Ахметовтың өзінің шынай пікірі болды. Өзі айтты. Бірақ өз сөзінен опық жеген тұстары да бар. Позициясына әл де берік. Былай сұхбаттассаңыз да дені дұрыс әңгімелерді айтатын азамат. Абайдың бір жақсы сөзі бар: «Адам түзелмейді деп айтқан адамды маған алып келіңіздерші. Мен олардың тілін тесемін» дейді. Кікентай ініміздің көкірегін қақпай, белін буайық. Оқыс кеткен тұсы бар шығар. Максимализммен өзінің шын көріп тұрған дүниесін жеткізе алмаған шығар. Мәди Ахметовті қаралағанша оның қасында жүрген ағаларынан ол туоалы дұрыс әңгіме есту керек деп есептеймін», — дейді спикер.
Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеге өтіп көріңіздер.