Қарағандылық әйел сауда үйінде кассир қызды бір ұрып сұлатты (ВИДЕО)

0

Әйелге 2 мың АЕК-ке дейін, яғни 6 миллион теңгеден аса айыппұл салынуы мүмкін.

Қарағанды полицейлері сауда үйінде 18 жастағы кассир қызды бір ұрып құлатқан 48 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қозғады.

«Ануар» сауда үйінде сатып алушы мен кассирдің арасында болған жанжал бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабына (Бұзақылық) сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары барысында екі жақтың да дәйектері тексерілетін болады, — делінген полиция хабарламасында.

Бұл бап бойынша әйелге 2 мың АЕК-ке дейін, яғни 6 миллион теңгеден аса айыппұл салынады немесе 600 сағатқа дейін түзеу жұмыстарына тартылады немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.