Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедовті елорда әуежайында шығарып салды

0

Түрікменстан президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды Борт N1 Telegram арнасы.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталған Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті әуежайдан шығарып салып, жылы қоштасты», — деп жазды Борт N1 Telegram арнасы. Айта кетейік, бүгін Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтің Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары басталады. Елордада кездескен мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, бірқатар құжаттарға қол қойды.