Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қалай жүзеге асуда?

0

Жетісу облысына жұмыс сапарымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі келді. Назгүл Сағындықованың басшылығымен мобильді топ алдағы екі күнде Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шаралары туралы түсіндіру және хабардар ету мақсатында аудандарды аралайтын болады.

Назгүл Сағындықова жаңа әлеуметтік саясат туралы айтты.

«Мықты отбасы – мықты мемлекет. Саясат азаматтардың жекелеген осал санаттарын қолдаудың қазақстандық отбасын нығайту мен дамыту үшін базалық жағдайлар жасауға көшуін көздейді. Тиісінше,алда жаңа міндеттер тұр. Бұл-отбасының цифрлық картасын енгізу, жаңа жұмыспен қамту және зейнетақы мен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту»,- деді спикер.

Жолдаудағы қазақстандықтар үшін қуанышты жаңалық балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту болды. Бұл туралы вице-министр толығырақ айтып берді. Мәселен, Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50% — ы 18 жасқа толғанға дейін балалардың әлеуметтік жинақтау шоттарына мерзімінен бұрын алу құқығынсыз аударылатын болады. Сондай-ақ Назгүл Сағындықова бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер мерзімінің ұлғаюы туралы ерекше атап өтті. Енді жас аналар төлемдерді бұрынғыдай бір жылға дейін емес, 1,5 жасқа толғанға дейін алады.

Халықты жұмыспен қамту. Бұл да қазақстандықтарды толғандыратын негізгі мәселелердің бірі. Халықты жұмыспен қамтудың жаңа саясатында еңбекке қабілетті азаматтардың барлық санаттарын Нәтижелі жұмыспен қамту үшін тең бастапқы жағдайлар жасауға көшу көзделіп отыр. Жыл сайын 100 мың жас Нәтижелі жұмыспен қамтылатын болады. Біліктілікті арттыру, жұмысқа орналастыру қарастырылған. Сұранысқа ие кәсіптер бойынша жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту көзі ретінде сыртқы көші-қон да белсенді жұмыс істейтін болады.