Астрахан қазағы: «Бұл қазақтың жері, егер бәріміз қашып кетсек, осындағы ата-бабаларымыздың қабіріне кім қарайды?»
Астрахандағы этникалық қазақ Азамат мобилизациядан кейін не себепті Қазақстанға қашпағаны жайлы айтып берді. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Радио свобода» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Астраханның этникалық қазағы үшін Украинадағы соғыс екі есе қайғылы жағдайға айналды. Біріншіден, ол көрші мемлекетке қарсы агрессияны әділетсіз деп санайды. Екіншіден, белсенді қимылдары басталғаннан бастап ол Астрахан қазақтарының басқа ұлт өкілдеріне қарағанда соғысуға жиі алынғанын байқады.
Ол ішінара мобилизациядан кейін де қазақтардың соғысқа көбірек кеткенін айтты.
«Мен әлі шақыру қағазын алған жоқпын. Мүмкін тіркелген жерде тұрып жатпағанымнан жолым болған шығар. Көптеген достарым шақыру алып, оны әртүрлі жолдармен шешуде. Біреуі бірден военкоматқа барса, ал біреуі анасын жібереді, ал біреулері қашып та кетіп жатыр. Көбісі, әрине, Қазақстанға кетті. Қандастарға арналған бағдарлама бойынша азаматтығын алу оңай дейді. Сол арқылы қандай да бір көмек алуға, жаңа өмір құруға болады», — дейді Азамат.
Азаматтың өзінің Қазақстанға кету ойы жоқ.
«Менің Қазақстанға шағымым жоқ, жақсы ел, мен жай ғана жергілікті, астрахандықпын. Бұл да біздің, қазақтың жері. Егер барлық жас қазақтар бұл жерден кетсе, бұл әділетсіз болады. Мұнда біздің ата-бабаларымыздың қабірлері бар, қарттарымыз бар. Біреу оларға қамқорлық жасау және сол жерді және оның тарихын сақтау үшін қалуы керек. Мен үшін Отан саясаткерлердің бір сәттік қиялдарынан маңыздырақ», — деді Азамат.