Елорда дүкендерінің бірінде тауар рубльмен сатылған – Жамаубаев мұны заңсыздық деп атады

0
59

Үкіметтің бүгінгі кулуарында журналистер вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтан елорда дүкендерінің бірінде тауардың рубльмен сатылуының заңды немесе заңсыздығын сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Елорда дүкендерінің бірінде тауарға рубльмен баға қойылғаны туралы ақпарат бар. Бұл заңды ма? Оны көрдіңіз бе?» — деп сұрады журналистер.

Ерұлан Жамаубаев «бұл мәселе арнайы бақыланбайтынын, бірақ тіркелсе бақылауға алынатынын, мұның қателік болуы мүмкін екенін» ескертті.

«Біздің ұлттық валютамыз теңге. Баға көрсеткішінің бәрі ұлттық валютамен көрсетілуі тиіс. Егер басқа валютамен көрсетілсе – бұл заңсыз», — деді ол.

Қаржы министрі бұл мәселе Ұлттық банктің бақылауында екенін атап өтті.

«Сол десек те, бәріміз патриот ретінде заңды сақтауымыз керек. Заң бойынша ұлттық валютамыз – теңге. Егер мұндай факттар болса, біз заңсыз әрекеттің жолын кесеміз. Дүкен қызметкерлерінің де әрекетіне тосқауыл қоямыз», — деді ол.