Соңғы күндері Қазақстанға Ресейден келушілер саны төмендеді — ІІМ

0

29 қыркүйекте 22,5 мың адам келіп, 10,1 мың адам кері қайтқан, 30 қыркүйекте 14,9 мың адам келіп, 11,6 мың адам еліне оралған. Есепті кезеңде Ресей Федерациясының 382 азаматы тұрақты тұруға және 64 азаматы ҚР азаматтығын алуға өтініш берді деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

ІІМ министрі Марат Ахметжанов айтуынша, соңғы күндері Қазақстанға келушілердің саны айтарлықтай төмендеді, ал елдегі криминогендік жағдай бүгінгі күні тұрақты. Ол мигранттар тарапынан Қазақстан азаматтарына қатысты қылмыстар тіркелмегенін атап өтті. Бірақ мигранттарға қатысты қылмыстар бар ма, жоқ па, ол нақтыланбаған.

Ал қазақстандықтар үшін шекарадан кедергісіз өту үшін «жасыл дәліздер» бөлінетіні белгілі болды.