Режиссер Ақан Сатаев «Қазақфильмнің» басшысы қызметінен кетті
Режиссер Ақан Сатаев «Қазақфильмнің» басшысы қызметінен кетті, — деп хабарлайды Kznews.kz порталы Time.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бүгін Ақан Қарғамбайұлы өз еркімен аты аңызға айналған киностудияның басшысы қызметінен кетті», — деп хабарлайды Абаев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Министр режиссерге «Қазақфильм»Президентінің қажырлы, ең бастысы жемісті еңбегі үшін алғыс айтты.
Ақан Сатаев президент қызметін 2020 жылдың 7 шілдесінен бастап атқарды.
Ол сонымен қатар SataiFilm киностудиясының негізін қалаушы.
Фото: Baq.kz