Ресей Қорғаныс министрлігі Қазақстанға кеткен орыс ұлтын қайтаруға өтініш білдірген бе?

0
20

Ресей Қорғаныс министрлігі Қазақстанға орыстарды қайтару туралы өтініш білдірген жоқ, — деп хабарлайды Kznews.kz порталы Time.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ресей Қорғаныс министрлігі мобилизация аясында Қазақстан Республикасының, Грузияның және басқа елдердің мемлекеттік органдарына ондағы Ресей азаматтарын Ресейге мәжбүрлеп қайтару туралы ешқандай өтініш жібермеді, әзірлемеді және жоспарламады», — деді сейсенбіде Ресей Қорғаныс министрлігі.

Сейсенбі күні Қазақстанның ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстан билігі жұмылдырудан жалтарған азаматтарды Ресейге беруді жоспарламайтынын мәлімдеді.

Фото: bbc.com