Әлемдік аренада ойып тұрып орын алатын қазақстандық «Оцтагон» лигасы туралы не білеміз?
Бұл туралы қоғам белсендісі, промоутер Нұраддин Садық «Адырна» ұлттық порталына берген сұхбатында айтып берді.
Оцтагон лигасы 2018 жылы құрылды. Алғашында сэлекшн және іріктеу турнирін өткізіп бастаған Лига қазір әлемдік аренада ойып тұрып орын алған үлкен промоутерлік компанияға айналды. Қазіргі таңда ростерде 200-ден астам спортшы бар. Жалпы топ лигаларының қатарында хайт матрикс әлемдік жүйесі бойынша отыздыққа кірсе, ал көркемдігі мен картинасы жағынан бестікке кіреді. Бұл жерде америкалық, бразилиялық, жапониялық, қытайлық, ресейлік мықты алпауыт компаниялардың ішінде үздікке бестікке ену — үлкен еңбек. Қазақстаннан шықса да, өздерін Еуразиядағы промоушен ретінде таныстырып жүр. Себебі негізгі ростер Еуразия аймағынан басталады. Шетелдік серіктестермен де тығыз байланыста.
Толық сұхбат: https://youtu.be/qM5gIyFfF3Q
Фото: prosports.kz