Бүгін «Атамекен» алаңында облыс әкімі Жетісу Бейбіт Исабаев бизнес-қоғамадстық өкілдерімен кездесті

Бүгін «Атамекен» алаңында облыс әкімі Жетісу Бейбіт Исабаев бизнес-қоғамадстық өкілдерімен кездесті. Іс-шара Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 19 мамырында айтылған тапсырмасын орындау, республикада бизнесті қорғаудың экожүйесін дамыту және тартымды бизнес-ахуалды қалыптастыру аясында өтті.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оңалбаев атап өткендей, жиын Жетісу облысы құрылғаннан кейін өңір басшысымен ұйымдастырылған алғашқы ірі кездесу.
«Осыған дейін Кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерімен бірлесіп өзекті мәселелерді анықтау бойынша жұмыс жүргізді. Палатаның салалық комитеттерінің бизнес-қоғамдастықпен өткізген алдын ала жұмыс кездесулерінің қорытындысы бойынша түрлі мәселелер көтеріліп, ұсыныстар топтамасы әзірленді», – деді облыстық палата басшысы.
Сұрақтарды жан-жақты қарау және тиімді шешім жолдарын іздеу мақсатында кәсіпкерлермен кездесуге «Атамекен» ҰКП басқарма мүшелері, прокуратура органдарының басшылары, аумақтық, жергілікті атқарушы органдардың және даму институттарының басшылары қатысты.
Атап айтқанда, кәсіпкерлер жергілікті өндірушілерді қолдау, баға белгілеуді реттеу, өнімді өткізу мен сату мәселелерін, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру сұрақтарын, мемлекеттік органдардың бизнес қызметіне заңсыз араласу жағдайларын мәселе ретінде көтерді.