Қазақтарға қыртымбай тақырыпқа лекция оқып, қаржысын түріктерге шашып жатыр екен – Диас Нұрақын
Бүкіл қазақтың қыз-келіншектері демеуші болып Стамбулда Айнұр Тұрсынбаеваның баласын үйлендіріп жатыр.
Түпсанаңды өзгерт, көзіңді аш, көтер басты, арманда деген сияқты қыртымбай тақырыпқа лекция оқып, сол үшін жүздеген, мыңдаған әйелден ақша жинап, сол қаржысын енді түріктерге шашып жатыр екен.
Қара теңіздің жағасына Қазақстаннан бір борт мейман барыпты. Әнші, актер, ақын, блогердің бәрі сонда жүр. Қонақтардың ішінен Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабекті де байқап қалдым.
Елден барғандардың ұшақ билетін, жатын орын мен ішіп-жемін түгел ақын апым көтеріп алыпты мыс. Не деген «мал шашпақ» десеңші. 400-500 адамды сыйдыратын тойхана Тұздыбастау мен Қаскелең жақта да толып жатыр ғой. Қазақтың кең даласы тұрғанда Стамбұлға барып той жасау таза дарақылық. Тойды Тарканға басқартып, беташарды Бурак Озчивит жасаса бірсәрі.
Жандарбек Бұлғақов пен Алатау серілерін Қарақұмға шақырсаңда жетіп келер еді ғой. Байдың асын байқұс қызғанды демесін. Бірақ айтыста ұлтым, қазағым, елім деп еміреніп отыратын адамның тапқан-таянғанын жат елге шашып, соны мақтан қылғанын қабылдай алмадым.
Диас НҰРАҚЫН