Мұхтар Әблязовтың тағы бір сыбайласы ұсталды

0

Мұхтар Әблязовтың ісіне қатысы бар фигурант Қытайдан Қазақстанға жеткізілді, — деп хабарлайды Kznews.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

БТА банктің бұрынғы топ-менеджментіне қатысты қылмыстық іс бойынша 2011 жылдан бастап «жаңа Қалқаман» ЖШС атаулы директоры Пак Виталий Леонидович іздеуде болған еді.

«27 тамызда ҚР ІІМ Интерполының көмегімен Пак Ченду қаласынан Алматыға келіп, тергеу изоляторына қамалды», — делінген хабарламада.

2006-2008 жылдар кезеңінде осы компанияны заңсыз несиелендіру арқылы Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластары Т8,9 млрд астам сомадағы ақшалай қаражатты ұрлады.

Антикор Пак 2019 жылдан бастап ҚХР (Ченду қаласы) аумағында болған деп мәлімдейді.

«Күдіктінің жақын туыстарымен және адвокатымен тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін Пак Қазақстанға оралуға ниет білдіріп, ол туралы жазбаша өтініш жолдады», — делінген.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚазТАГ хабарламасы бойынша

Фото: Риа Новости