«Бала үшін Исламды кешір»: атышулы «Қалаулымдық» Шынар ана атанды (фото)

0

«Қалаулым» жобасының арқасында қосылған Ислам Алтайбаев пен Шынар Меджанова ата-ана атанды. Атышулы бағдарламада табысқан ерлі-зайыпты ұлды болды, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Қуанышты жаңалықты жас ата-ана Instagram парақшасында бөліскен. Шынар Меджанова перзентханадан алғашқы фотосын жариялап, елден сүйінші сұрады. «Алла бере салғаным, қош келдің. Иісің неткен ерекше», — деп жазды ол.

Ислам Алтайбаев та өзіне ұл бала сыйлаған келіншегіне алғысын білдіріп, құттықтап жатқан барша жанға рахмет айтты. «Аллаға сансыз шүкір. Құттықтаулар алып жатырмын. Салиқалы ұрпақтан болсын. Ұлды аман-есен туып бергені үшін анасына рахмет. Адамның дегені емес, Алланың қалағаны болады деген осы шығар», — деп жазды ол.

Белгілі болғандай, Шынар Меджанова өзінің туған қаласы Семейде босанған. Ал ұлының әкесі қазіргі уақытта Қызылордада жүр. Оған қоса ерлі-зайыпты әлеуметтік желіде бір-бірін өшіріп тастаған. Жас ата-ана әзірге бұл жағдайға қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.