Айгүл Орынбек: “Біздегі болып жатқан жағдайлар “Көкжалдар мекені” сериалында жақсы көрсетілген”

0

Заңгер Айгүл Орынбек қазіргі таңдағы Қазақстандағы жағдай «Көкжалдар мекені» түрік телехикаясының сюжетімен салыстырды

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

«Қандай адамдар өзгерісті қаламайды, қолдарынан билік кетіп, қалталарына ауадан ақша түсіп тұрғандар!
Елдегі болып жатқан кейбір жәйсіз оқиғаларды көп адам түсінбей жатыр.
Кино өмірден алынады, кез-келген дамыған ел бұл этаптардан өткен. Біз де сол кезеңнен өтудеміз.
“Долина волков » түрік сериалын көріп шығыңыздар! Біздегі болып жатқан жағдайлар, сол кинода жақсы көрсетілген. Әсіресе бір сериясында үлкен кісілер, билікті уыстарынан шығармау үшін, мемлекетке дегендерін істету үшін әр қалаларда жарылыс жасап, халықтың үрейін қашырып, билікті тығырыққа тірейді.

Еліміздің әр өңірінен шығып жатқан өрт, ескі жүйені уысында ұстап қалғысы келіп жатқандардың іс әрекеті деп ойлаймын.
Билікке таласып жүріп егемен елімізден , құнарлы жерімізден айырлып қалмайық!
Халық бұрынғыдай қараңғы емес!
Бүкіл Қазақстанға өрт қойсаңдар да бізге “Сыбайлас Жемқорлыққа батқан Қазақстан” керек емес!», — деп жазды Айгүл Орынбек.