Мұрат Телібеков: Төрт әйеліңнің болғаны қандай қиын

0

Тіркелмеген мұсылмандар одағының жетекшісі Мұрат Телібеков әлеуметтік желіде жары мәлімдеген ұрып-соғу жанжалына байланысты пост жариялады, деп хабарлайды Kznews.kz  жаңалықтар порталы  NewTimes.kz сайтына сілтеме жасап.

Телібековтың айтуынша, мұсылманның төрт әйелі болу керек. Бірақ оның жақсы және жаман жақтары бар. Жанжал осыдан туындаған.

«Ең кіші әйелімнің мінез-құлқы өте жаман болды. Бұл басқа әйелдеріме ұнамады. Ұзақ моральдық және этикалық нормаларды түсіндіру әрекеттері сәтсіз болды. Мүмкін, басты себептердің бірі оның орыс ұлтынан болғандықтан шығар. Ал мұсылман дәстүрлері көбінесе орыс адамының этикалық нормаларына қайшы келеді.

Үлкен үш әйел ұзақ уақыт бойы оның қыңырлығына төзіп, ақыры шыдай алмады. Әсіресе, ең кішісі үй жұмысын істемей, кезексіз жиі төсек қатынасына түсетін. Қаншама ескерту жасалды, соңы осылай аяқталды», − деп жазады мұсылмандар одағының басшысы.

Жанжал осылай туындаған. Полиция мен кіші әйелінің құрбылары келген. Ол үлкен әйелдердің де тоқпақтағанын айтпаған. Бұл әрекет оның өзімшілдігімен байланысты.⠀

«Екі рет басқалардың емес, менің ұрғанымды айтты. Мен оны бір ай бойы төсегіме жолауға тыйым салдым. Ал әйелім оған шыдай алмады», − деп толықтырды Мұрат Телібеков.⠀

Қорытындылай келе, мұсылмандар одағының басшысы өзінің шын жүректен мойындағанына қарамастан, әйелінің жыныстық мораторийін жоймағанын, бірақ оны 15 күнге дейін қысқартқанын ашық айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 17 тамызда Мұрат Телібеков әлеуметтік желілерде пост жариялады, онда оның үйіне бейтаныс адамдар кіріп, оны ұрып-соғып, тонап кеткенін жеткізді.