Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
«Халықтың санасын улап алып, “халықтың санасы төмен”, деп көпіріп отыр!
“Ұлттық идеологияны көтеру керек”, деп қапты!
Елде жүргенде Ұлттық идеологияны көтерсе қолынан кім ұстап отырыпты?
Асыл арнаны таңнан кешке дейін қосып қойып, ұлттық идеологияны жоқ қылған жоқ па?
Халықты зомби қылып басқарғысы келген өздері емес пе?
“Жат ағымдар жайлы үнемі айтып жүрдім”, — деп қалай өтірік айтып отыр?
Мен сияқты ешкім ашық күрескен жоқ деп отыр!
Қашан күресіп жүр, жат ағыммен күрескен видеосы бар ма?
Сөзі мен ісі қабыспайтын адам осындай болады…», — деп жазды Айгүл Орынбек.