Назарбаевты жақсы көремін, оған кешіріммен қарайық! — Бекболат Тілеухан

0
220

Қазір Түркияда өмір сүріп жатқан Мәжілістің экс-депутаты Бекболат Тілеухан Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаев жайлы ағынан жарылды, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.

Журналисттің «Назарбаев Елбасы статусынан айырылды. Қалай қабылдадыңыз?» дегеніне Бекболат Тілеухан бүй деп жауап берді:

«Өте жаман қабылдадым. Енді мені тыңдап отырған тыңдаушылардың ешқайсысына осы айтқан сөздерімнің ұнамайтынын білемін. Осы сұхбат шығарда дайындалған уақытта кейбір жанашырларым айтты: «Ей, Назарбаевтың атына бір жылы сөйлемей-ақ қойшы, пәлеге қаласың» деді. Қазір елдер «раздраженный» деп отыр. Енді «раздраженный» екен деп ақиқатты жасырып қала аламын ба? Мен ол кісіні біріншіден жақсы көремін. Ол менің тұңғышым. Мемлекет болғанымызда тізгінге ие болған тұлға. Назарбаевтың бойынан жақсылығын іздесең жетіп жатыр. Кемшілігің іздеймін десең де, ол да жетеді. Бірақ, біз жақсы мен жаманын салыстырып отырып, тарихи әділдікпен қарауымыз керек. Ешқашан өз заманындағы адамға замандасы әділ баға бере алмайды. Уақыт өтеді, тарихтың көзімен қараймыз… Сол кезде оның бағасы белгілі болады. Осы мәселеден келген кезде кейбір нәрсесін жылы жауып қойып, кешіріммен қарауымыз керек. Жасаған қаншама жақсы нәрсесі бар», — дейді Бекболат Тілеухан.