Мен неге қашуым керек? – Бекболат Тілеухан айыптауларға жауап берді

0

Экс-депутат Бекболат Тілеухан әлеуметтік желіде  соңғы күндері тағылған айыптауларға жауап берді дейді kznews.kz тілшісі.

Ол видеода:  «Ұлысмедианың Ұлы жаласынан кейін, кейбір нәрселерде ақталуға мәжбүр болады екенсің. Әлеуметтік желіге келуге тура келді. Біреулер айтқандай, қашып-пысып жүрген жоқпын. Ұлысмедианың артында «Атамекен» Ұлттық палатасы тұр. Оларды сотқа беремін. Искке 100 млн теңге бермекпін, оны мен өз қалтама алмаймын, «Қазақстан халқына» қоры мен «Отандастарға» бергім келеді дейді Бекболат Тілеухан.

Айта кетейік, бұған дейін экс-депутаттың Түркия азаматтығын алуға өтініш бергені туралы ақпарат тараған еді. Алайда қоғам қайраткерінің өзі бұл деректі жоққа шығарды.