Тұрарбек Құсайынов: Салафизмді насихаттайтын “Нұр-Мүбәрәк” университетін жабу керек

0
145

Қоғам белсендісі Тұрарбек Құсайынов әлеуметтік желісінде «Нұр-Мүбарак» ислам университетіне қатысты жазба жариялады деп хабарлайды kznews.kz тілшісі:

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

Диктатор Назарбаев пен Египет тираны Хосни Мубарактың есімімен аталатын «Нұр-Мұбарак» ислам университеті сіңірі шыққан кедей қазақтың қалтасына түсіп,қайыр сұрауын тоқтатар емес..

Бүгін 300 миллион доллардай қаржы жұмсалған Орта Азиядағы ең үлкен мешіттің ұры Назарбаевтың пәрменімен ашылу салтанатына өздеріңіз куә болдыңыздар.
Қазақты араб-парсы фольклорымен зомбилау процессі 30-жыл бойы үздіксіз жүргізіліп келеді.
Бұған нақты дәлел ретінде кезінде сәләфи-матуридит Мұхамеджан Тазабек басқарған «Асыл Арна» мен Нұр-Мұбарак университеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюы және соның нәтижесінде аталмыш діни оқу орнынан террорист Рузембай Ишимбетов сияқты түлектердің «Нұр-Мұбаракты» бітіріп шығуы жеткілікті деп санаймын.

СОНДЫҚТАН ДА ОРТАҒАСЫРЛЫҚ РИГОРИСТІК КӨЗҚАРАСТАҒЫ ДІНШІЛДЕРДІҢ ОРДАСЫ БОЛҒАН,ЯҒНИ ҰРЫ НАЗАРБАЕВ ҚҰРҒАН «НҰР-МҰБАРАК» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДІНИ НАСИХАТЫН ДЕРЕУ ТОҚТАТЫП,ОҚУ ЛИЦЕНЗИЯСЫ КЕРІ ҚАЙТАРЫЛСЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРНЫНА ҚАЗАҚИ ДӘСТҮРГЕ САЙ КЕЛЕТІН ТӘҢІР ДҮНИЕТАНЫМЫ МЕН ТҮРКІЛІК МӘДЕНИЕТТІ ЗЕРТТЕУ ҺӘМ ДАМЫТУ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ АШЫЛСЫН!!!

Тұрарбек Құсайынов…

(Автордың пікірі редакция көзқарасын білдірмейді).