Талдықорғанда IT-мамандар даярланады
Талдықорғанда жаңа IT-hub құрылады. Оның аясында IT-мектептер ашылады. Бұл туралы бүгін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Жетісу облысына жұмыс сапары барысында хабарлады.
Атап өтілгендей, Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT-мамандарды даярлау міндетін қойды. Сондықтан жаңадан құрылатын технопарк тиісті мамандарды даярлау үшін заманауи жабдықтармен жарақтандырылатын болады.
Жалпы, IT-нарығының көлемі жыл сайын артып, сала мамандарына сұраныс артып келеді. Осыған байланысты жақын арада мамандандырылған мектептер ашу жұмыстары да жандандырылатын болады. Осылайша, кадр мәселесі кезең-кезеңмен шешіледі.
Сондай-ақ, министр Талдықорған полиция департаментінің жедел басқару орталығының жұмысына оң баға беріп, «Қауіпсіз қала» жүйесінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету үшін бейнебақылаудың маңыздылығын атап өтті.