«Тыныш кету бұйырмады»: Мадина Сәдуақасова өзін сынға алған елге жауап берді
Әнші Мадина Сәдуақасова Біріккен Араб Әмірліктеріндегі демалысынан сурет жариялап, желіде елден оңбай сөз естіген болатын. Оқырмандар әртісті тым ашық образдары үшін сынға алған еді.
Алайда өнер иесі өзіне қатысты айтылған мұндай пікірлер орынсыз деп санайды. Ол өзін сынаған көпшілікке жауап берді, деп жазады kznews.kz сайты nur.kz порталына сілтеме жасап.
Мадина Сәдуақасова желідегі сыни пікірлер жазушыларға деген үндеуін Instagram парақшасында жариялап қойған. Ол бұл жолы «тыныш демала алмағанын» айтты.
«Мадикош күшті демалды. Жаным, тәнім, көзім де демалды. Теңіз, әдемі қонақ үй, түрлі тағамдар, хош иістер, музыка. Жұрт құсап тыныш келіп, тыныш кету деген бұйырмады маған тағы. Біреу «ең болмаса арық болса екен» деп жазып қойыпты парақшасына салып. Ол кісінің түсінігі бойынша тек арық қыздар суға купальник кию керек. Абу-Даби, не қылдың? Елге қайттым, жұмыс көп, жаңа әндерім шығады», — деп жазды әртіс.
Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасованың желіде сынға ұшырағанын жазған болатынбыз.