тарифтер арзандап, жалақы 35% өседі
Амандық Баталов 14 мың жұмыс беруші қоластындағылардың жалақысын көтеруге келіскенін айтты
АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Алматы облысында жұмыс берушілер 32 мың жұмысшының жалақысын көтеруге келіскен. Сонымен қатар бюджеттік ұйымдарда жұмыс істейтін 41 мың жұмысшының жалақысы орташа есеппен алғанда 35%-ке өседі. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Астанада өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әкімнің сөзіне сенсек, Алматы облысында соңғы үш жылда экономика секторындағы жергілікті табыс бір жарым есеге өсіп, 191 миллиард теңгеге жетіпті. Бұдан бөлек, биыл 29 мың жұмыс орны ашылған. Амандық Баталовтың айтуынша, тұрғындардың жалақысы да өседі.
«Жаңадан құрылған жұмыс орнының саны 30 мыңға жуықтап қалды. Өңірде жұмыссыздық 4,6%-ке азайды. 14 мың жұмыс беруші 32 мың жұмысшының жалақысын көтеруге келісті. Бұл туралы Елбасы өзінің жолдауында айтып кеткен болатын. Сондай-ақ, бюджеттік ұйымдарда жұмыс істейтін 41 000 адамның жалақысы орташа есеппен 35%-ке өседі», — деді Баталов Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған брифинг барысында.
Мұнымен қатар, облыс әкімі өңірде тарифтерді арзандатып, көмір бағасын реттеуге байланысты шаралар жүргізіліп жатқанын айтып өтті. «Қапшағай жылу» тарифті — 7,7%, «Талдықорған теплосервис» 13,3%, «Жетісу энергетика» 2,4%-ке арзандатқан.
Тағы оқыңыз: Алматы облысының әкімі журналисті Алакөлге шақырды
«Көмір бағасы — үлкен проблема. Арадағы тасымалдаушылар көмірді халыққа жеткізгенше үстіне ақша қосып үлгереді. Осы мәселені реттеу үшін бір ғана оператормен жұмыс істеуді қолға алып жатырмыз», — деді облыс әкімі.
Бұдан өзгеғ Амандық Баталов «Туған жер» жобасы шеңберінде бизнес өкілдерінің әлеуметтік нысандардың құрылысы мен ауқымды жобаларға араласып жатқанын айтты. Осы жоба аясында 2,5 миллиард теңгеге 157 жоба іске асқан.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/