Жоғарғы сот Матаевтарды толық ақтады
ҚР Жоғарғы соты қазақстандық журналистер Сейітқазы Матаев пенмен Әсет Матаевты толық ақтады.
Жоғарғы Сот Астана қаласы сотының Сейітқазы мен Әсет Матаевқа қатысты 2016 жылғы 9 желтоқсандағы үкімінің күшін жойды. Судья өз үкімін оқи отырып, Матаевтардың ақталғанын, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеуге құқығы бар екенін түсіндірді.
Айта кетейік, Сейтқазы мен Әсет Матаевтар 2016 жылы сотталды. Сейітқазы Матаев дүние-мүлкін кәмпескелеумен және өмір бойы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салумен қоса 6 жылға, Әсет Матаев жеке дүние-мүлкін кәмпескелеумен қоса 5 жылға бас бостандығынан айрылды.
– Сейітқазы Матаевқа дүние-мүлкін кәмпеспелеумен, мемлекеттік және комерциялық ұйымдарда, ұйымдастырушылық-бөлушілік және материалдық жауапкершілік лауазымдармен байланысты қызмет түрлерін атқаруға өмір бойына тыйым салумен қатар 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтесін. Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы шегеріліп, сот залында қамауға алынсын, – деген үкім кесті судья Құрмантаев.