Аузын жыбырлатқан албасты: Зейнеп Ахметова Мақпалдың масқарасын шығарды

0

Мақпал Жүнісова тағы да даудың қақ ортасында. Бұл жолы халық әртісіне Зейнеп Ахметова шүйліккен.

Жазушының айтуынша, Мақпал Жүнісова фонограммамен ән айтып, халықты алдап жүр.

Ғаламторда тараған шағын бейнежазбада Бауыржан Момышұлының келіні қазіргі эстрада жұлдыздарын сынап, олардың фонограммамен тыңдарманды алдап жүргенін ашық айтады. Соның ішінде Мақпал Жүнісованың атын атап, халық әртісіне тіл тигізген.

Бір ауыз сөзі жүрекке салмақ болғанын жазды әнші.

Әлеуметтік желіде қазақтың батыры Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметованың дастархан басында айтып отырған әңгімесінің видеосы таралып кетті. Онда Зейнеп апамыз әншілердің әнді ауыздарын жыбырлатып фонограммамен айтатынын, оның ішінде Мақпал Жүнісованың да бар екенін айтып «Мақпал албасты» деген жері де естіледі. Бұл видеоны әнші, термеші Айгүл Елшібаеваның түсірген. Осы даулы видео Мақпал Жүнісоваға жетіп үлгеріпті деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атақты әнші парақшасында «Қасиетті жұмада осындай қазақтың апасы осылай депті, қазақтың келіндеріне ақыл айтып жүрген апамызға не болған? Аллаға шүкір, жанды дауыспен өзіңізге де, халыққа есеп беру концертімде де өз даусыммен айтып келем. Мен өзімді мінсізбін деп айтқан емеспін. Апаға ұнамасам, жер басып жүрмін, көзіме айтса болар еді, сырттан ғайбаттамасын. Қарға да баласын аппағым демекші, анамның көзі бар, анам қатты налыды. Менің орнымда өз қызына, не келініне біреу публично албасты десе жақсы бола ма? Менің Мерейім де көзіне жас алды, түні бойы ұйқы бұзылды. Бір ауыз сөзі жүрекке салмақ салды», — деп өзінің, отбасының, анасының көңіл-күйі бұзылғанын, жүрегіне салмақ болғанын жазды.
Желі қолданушыларының түрлі пікірінен соң әнші «Апам сияқты сырттан ғайбаттамасын деп салдым» деді. Сонымен бірге Зейнеп Ахметованы құрметтейтінін, күйеуі Бақытжан атамыз қайтыс болғанда қолынан келген көмегін аямағанын да жайып салды.

– Бақытжан аға қайтыс болғанда 2000 доллар беріп, бата жасаған едім. Больницада орын болмай, бастығына кіріп, батырдың ұрпағына люкс бөлме беріңіз деп, ақшасына дейін төлеп жаным қалмай жүгіріп едім. Сонда да мені албасты дейтіндей әкеңізді мен өлтіріп пе едім, апа?! — деген күрсінісін де жасырмады. Желі қолданушылары: «Бұл өмірде қателеспейтін адам болмайды. Мақпал апай, Зейнеп апаның бір ауыз сөзін кешіріп, видеосын көпшілік алдына шығармай-ақ қойғаныңыз дұрыс болар еді. Сонда халық алдындағы мәртебеңіз одан сайын биіктей беретін еді. Сіздің талантыңызға ешкім күмән келтірмейді. Халық екеуіңізді де ерекше жақсы көреді. Адам деген көзбен көріп айтса ғой шіркін-ай. Мақпал апайдың 40-жылдық концертінде 3 қалада Шымкент, Туркестан, Қызылорда да бірге еріп жүріп өз көзіммен көріп, куә болып, таң қалдым. Жанды дауыста эстрадамен. Домбырамен, Ержан ағамен 30-дан аса әнді су тер болып айтқанын көргенде, апайға онсыз да риза едім, таң қалдым. Сондықтан сізге ешкім әңгіме айтпай-ақ қойсын, ұят болады. Сіз Елдің Еркесісіз», «Ойбу, апау, Мақпалдай әнші жоқ қой», «Басқа Мақпал шығар, сізді айтпаған болар, Мақпал апа, сіздің дауысыңыз керемет», «Мақпал апай жанды дауыста айтады», «Көкке көтерген сайын көкіп кететіндері бар ғой» деп Халық әртісіне қолдау көрсетіп жатыр.