Шымкентте инфрақұрылым мәселесі оң шешімін табуда
ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов тұрғындардың инженерлік инфрақұрылыммен қамтылу барысы жөнінде толығырақ мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, қалада 3 елдімекен ауыз суды кестемен қолданады. Биыл 8 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде қамту деңгейі 98%-дан 99%-ға артады. Жоспар бойынша 2023 жылы ауыз су мәселесі толығымен шешіледі.
Қалада 81 тұрғын алап пен шағын аудан бар. Оның 62-сі кәрізбен қамтылмаған. Қолданыстағы шайынды су тазарту кешенінің қуаты жетпей жатыр. Осы жылы 7,3 млрд.теңге 19 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде кәріз жүйесімен қамту деңгейі 54 пайыздан 60 пайызға жетеді. Даму жоспары бойынша 2025 жылы кәрізбен қамту көрсеткішін 75 пайызға жетпек.
Ал, 8 елдімекенде электр энергиясының сапасы төмен. Биыл 16 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде қамту деңгейі 97 пайыздан 99 пайызға жетеді. Халықты сапалы электрмен қамту мәселесі 2025 жылы толығымен шешіледі.
Сондай-ақ, 31 елдімекен газ қуаттылығының жеткіліксіздігі себебінен жартылай қамтылса, 8 елдімекен газбен мүлдем қамтылмаған. Ағымдағы жылы газбен қамту бойынша 6 млрд. теңгеге 18 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде қамту деңгейі 93%-дан 94,7%-ға артады. Табиғи газбен қамту мәселесі 2025 жылы толық шешіледі.
747әлеуметтік маңызы бар көшелердің 324-і жарықтандырылған. Осы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында 102 көшеге жарық тартылады. Нәтижесінде жарықтандыру деңгейі 43 пайыздан 57 пайызға жетеді. 2025 жылы 75 пайызға жеткізу көзделген.