Әйтеновтың «Жесткий торгі» медицинаға өтті ме?
Шымкенттің медицинасынан дау кетпеді. Бұның басты себебі өз саласына қатысы жоқ басшылықта болса керек деп шымкенттік тұрғындар арыз айта келді. Шымкентке жаңадан келген бас дәрігер Асылбеков Нұрлыбек әкім Әйтеновтың абыройын түсіруге келді ме деген заңды сұрақ та туындайды. Себебі, басшы болып келгені кеше ғана. Бірақ, «кадр бизнесіне» білек сыбана кіріскен Асылбеков бұрыннан істеп келе жатқан бірнеше басшыға орындарыңды босатыңдар депті.Ол орындарға келетін адамдармен келісіп те қойыпты деген сыбыс Шымкент көшелерінде желдей есіп жүр. Бұған Асылбеков мырза өзі не жауап айтар екен? Фарм саласында жұмыс істеген маман үшінші мегаполистің медицинасын қаншалықты көтере алады?
Асыльеков бұл орынға келгенде әкімнің руласы екен деген әңгіме өзінен бұрын жетті. Демек әкімнің руласы болса «кадр бизнесіне» жол ашылғаны ма?
Ең қызығы Әйтенов әкім болғалы бұл денсаулық сақтау басқармасының ауысқан үшінші басшысы. Неге басшы ауыса береді?
Жалпы Шымкент мегаполис атанғалы бері Асылбеков Нұрлыбек бесінші болып тағайындалған басшы. Оған дейін
1. Касимов. Н
2. Байдувалиев.А
3. Албаев.Р
4. Позилов. Б болған.
Шымкентке келгеніне ай толмаған бас дәрігер еңбек кодексін бұзып жұмыс істейді деп шулаған дәрігерлерге кім көмектесер екен? Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинаятқызы қарауындағылардың зарына құлақ асар ма? Жоқ, әлде жабулы қазан жабулы күйінде қалып, ескі Қазақстанмен жұмыс істейміз бе?
Кез-келген мемлекеттің ең басты саласы білім мен медицина. Конституцияның ең бірінші бабында Қазақстанның ең басты байлығы адам дейді. Ал, адамның денсаулығы ең басты назарда болу керек. Ақ халатты абзал жандар адам өміріне араша түсе ме, әлде Асылбековтың кадр саясатын күтіп отыра ма?