Танымал продюсер Қазақстандағы өміріне наразы адамдарға басқа елге ақшасыз көшіп кетуге кеңес берді

0
1325
turkystan.kz

Қазақстандық продюсер Алуа Қонарова өзінің Instagram парақшасында Қазақстандағы өміріне наразы азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды «NewTimes.kz».

«Үнемі балығына наразы, өз елінде ешқашан ештеңеге қанағаттанбайтын қазақстандықтарға үндеу тастағым келді. Білесіз бе, Мен сізге кеңес бергім келеді. Елден екі жылға ақшасыз кетіп қалыңыз. Шет елде тіл білмей, пәтерсіз, жұмыс іздеп өмір сұріп көріңіз. Сізді қолдайтын адам жоқ жерде болашағыңыз үшін күресіп көріңіздерші. Біздің елімізде қандай жағдай орын алса да, Қазақстаннан артық жер жоқ!», — деді Қонарова.

Оның айтуынша, ол жақында Алматыға оралып, қалада болған өзгерістерге қатты қуанған.