Ақжарқын Тұрлыбайдың сапарын ұйымдастырған нигериялық ұсталды
Есірткі контрабандасымен айналысты деген айыппен Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты қыздың Қытайға сапарын ұйымдастырған Джонни есімді азаматтың ұсталғанын мәлім етті, деп жазады kznews.kz сайты.
«Алдын ала ақпарат бойынша, шет мемлекеттің территориясында 2014 жылы Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайға сапарын ұйымдастырды деп күдікке ілінген Нигерия азаматы Адиндо Нонсо Фортуне – «Джонни» ұсталды. Осы негізде ақпарат алу үшін ҚР ІІМ-ге адвокаттық сұрау жолдадым», — деді адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов.