Олжас Сүлейменов Францияның ең жоғары наградасын алды
Ақын Олжас Сүлейменов Францияның Қазақстандағы елшісінен «Құрмет легионы» орденін алды.
«Құрмет легионы ордені француз ұлттық ордендерінің ішіндегі ең беделді марапат. Оны 1802 жылы Наполеон Бонапарт құрған. Республика Президенті Эммануэль Макрон сізді 2022 жылдың 7 наурызында Құрмет легионына тағайындау туралы жарлыққа қол қойды» деді Елші Дидье Канессе таныстыру барысында.
Елші Олжас Сүлейменовтің гуманистік құндылықтарды насихаттаудағы, бейбітшілікті қолдаудағы және қоршаған ортаны сақтаудағы рөлін ерекше атап өтті.
Айта кетсек, ақын Олжас Сүлейменов Францияның жоғары наградасын алған екінші қазақстандық болды. 2010 жылы ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев марапатталды.