«Бәрі бітті»: Меруерт Түсіпбаева сүйіктісімен айырылысқанын айтты

0

Әнші Меруерт Түсіпбаева желіде жеке өмірінде орын алған жаңалықтарды бөлісті. Өнер иесі жүрегіндегі сезімі өшіп, сүйіктісімен айырылысып кеткенін жеткізді.

Түсіпбаева енді жүрегі бос болғанымен ешкімді күтпейтінін кесіп айтты. Әртіс әсерлі жазбасын Instagram парақшасында жариялаған.

«Адам қайтыс болғанда, туған-туыс, дос-жаран жиналып, жоқтап-жылап, соңғы сапарға шығарып салады. Ал талай жылдар бойы жүрегіңнің түбінде сары майдай сақтаған сезімің өлгенде ше? Қалай жоқтауға болады?! Мен бүгін махаббатымды көмдім.

Ақиық ақын Фариза Оңғарсынова: «Өзіңді жерлеп келіп, жапа-жалғыз отырмын. Меңіреумін. Айналамда қыстыққан еңіреулі үн… Әлем деген қап-қара бұлтқа оранып, Жердің бетін кеткен бе-ау құрттар алып. Есі ауысқан шығар бұл сығыр құдай, Сосын, сосын… денемді бұрынғыдай Аймалаған секілді сенің ернің», – деп өзінің махаббатымен қоштасқан екен кезінде.