Жазира Байырбекова қазақтың ерекше салтын жаңартып, жан тебірентерлік оқиғасын баяндады

0

Жазира Байырбекованың отбасында ерекше оқиға орын алды. Әншінің бала күтушісі оның қарт анасына жілік ұстатты. Мұны «бауыр болу» мақсатында жасады. Көпшіліктің жанын тебіренткен хикаяны Байырбекова Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Дара өмірге келгенде балаға қарайтын (бала күтуші,няня) мейірімді адам іздеп,бірінші кездескен Шарипа апамен таныстым да,бірден ұнаттым.

Басынан өте ауыр жағдайлар өтті. Бауырларын, жалғыз ұлын мәңгілік өмірге шығарып салды. Қанша қиындық көрсе де мәдениеттілігін, адалдығын, көркем мінезін жоғалтпады.

Қызыма, отбасыма, туыстарыма туыс болып кетті. Өз анама денсаулығына байланысты балаға қарағаннан кем қарамаймыз. Анама да қамқор болып бір-біріне бауыр басып қалды.

Шарипа апамдай адам өмірде бар ма, жоқ па білмеймін. Мұндай адал адам аз.

Қазақта туғанынан көрмей жүрген жақсылықты, мейірімділікті көріп, шын тілекшің болып жүретін адамдармен туғандай болуға болатынын “жілік ұстау” рәсімімен көрсете білген екен. Бүгіннен бастап анам екеуі жілік ұстап туған, бауыр атанды. Анамның туған бауыры жоқ еді. Енді бар. Енді ол кісіге біздің әулеттің келіндері иіліп сәлем салып, біз ақыл сұрайтын бір анамыз болады», — деп жазды әнші.

(фото stan.kz)