Әжем 21 құрсақ көтерген, бірақ бір баласы туғанда одан үлкені шетіней берген — Сәкен Майғазиев

0
983

Сәкен Майғазиев әжесінің оқиғасын айтты. Әншінің айтуынша, нағашы әжесі жиырма бір рет құрсақ көтеріп, бірнеше баласы шетінеп кеткен. Ал атасы қажылыққа барып келген соң баласы тұрақтап, үш баладан ұрпақ тарап отыр, — деп жазды Kznews.kz жаңалықтар порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сәкен Майғазиев жұма күні ата-бабасын еске алып, оқиғасын бөлісті. Айтуынша, әжесі 21 рет құрсақ көтерген. Алайда қандай да бір себеппен балалары шетінеп кеткен көрінеді.

“Анамның анасы 21 құрсақ көтерген екен. Бала тұрмай, бір сәби дүниеге келсе 1-2 жас үлкен екінші баласы шетіней беріпті. Нағашы атам Мырзамбек «АЛЛА сүйген құлын ауыр сынақтармен сынайды, бізді жоқтан бар еткен ЖАРАТУШЫҒА күпірлік қылмай, шүкірлік қылайын» деп қажылық сапарға аттаныпты. АЛЛАның бұйырған бесінші парызын орындап, алты ай әрі, алты ай бері арып-ашып асыл отанға оралған, сақал-мұрты өсіп, жол азабын көріп келген әкесін танымай 7 жастағы анам қорқып қашқан көрінеді. Құдіреті күшті АЛЛА ТАҒАЛАның қалауымен, нағашы атамыз Мырзамбек пен нағашы әжеміз Бібіайшаның 21 баласынан анамның әпкесі Бибіапаза, інісі Шоба үшеуінен бірнеше ұрпақ тарап отырмыз. Қилы заманның қиындығына құламай, сынағына сынбай ұрпақтары үшін жандарын пида еткен баба-аналарымыздың жандары ЖӘННӘТТА шалқысын. Жұма мүбәрак, жақсылар!”, – деп жазды әнші.

(stan.kz)