Нұрлан Нығматулин ұлдарының зауытында жұмысшы қаза тапты

0

Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлдары басқаратын «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар шығаратын зауытта жұмысшы қаза тапты, — деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл Тараз маңындағы зауытта болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға аммофос өндіру цехында болған – 36 жастағы зауыт жұмысшысының басына кірпіш құлап, салдарынан ол көз жұмды.

Еске салайық, 5 сәуірде монополияға қарсы ұйымдар «Қазфосфат» ЖШС-не қатысты сұранысқа ие ауылшаруашылық тыңайтқыштарының бірі аммофосқа айтарлықтай және негізсіз қымбаттау фактісі бойынша тергеу басталғанын хабарлаған болатын. Осыдан кейін, «Қазфосфат» ЖШС-нің ауылшаруашылық тыңайтқыштарының қымбаттауынан пайда көргендер Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлдары – Нұрхан мен Нұржан Нұрлановтар екенін анықтады.

Ауыл шаруашылығы тыңайтқыштарының бағасы елдегі азық-түлік бағасына тікелей әсер етеді.