«Тізгінді алдың ба, бостандық танытпа!» — Әлеуметтік желіде Білім министріне сын айтылды

0
508
bilimdinews.kz

Әлеуметтік желіде Шымкент қаласы қоғамдық кеңес мүшесі Рүстем Есімханұлы Әшетаев Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке арнап жазба қалдырды.
«Асхат Аймағамбетов мырза!
Тізгінді алдың ба, бостық танытпа!
1) Кейбір ата-аналар мектепке балаларын жібермейді деген желеу емес. Баланың білім алу құқығынан айыруға ешкімнің хақысы жоқ(мың жерден ата-анасы болса да). Оған арнайы заң бар қолданыста.
2) «Онлайн оқытып жатырмыз деп, шындығында ешқандай оқытып жатқан жоқ. Білім алмай жатқан қыздардың саны артуда» деген не сандырақ?
Бұл не сонда?! Вахабисттер қыздарын мектепке жібермеуінен қорқып, солардың ығына жығылу ма?
3) Мемлекеттік ұстаным мен білім беру ордаларындағы ішкі тәртіп — әр түсініктегі топтардың талаптарына қарай ойыса беретін болса, бұл қандай мемлекеттік ұстаным?
4) Әр топтың қалағанын заңдастырып беру арқылы мәселені шешемін десеңіз қатты қателесесіз. Оның болашақтағы салдары бүгінгіден де қатты ушығуы мүмкін.
Ертең католиктер өз формасымен жібереміз деп, Сионисттер мен Буддисттер, Кришналар мен Сатанисттер де өз талаптарын қойса ше?
Ол кезде қалай шешпексіздер мәселені?!
Біріне рұхсат беріп, екіншілеріне рұхсат бермеуге қандай уәж айтпақсыздар? Өзгелерге рұхсат бермесеңіздер, вахабо-саляфиттердің лоббисті болып шыға келетіндеріңіз ойлантпайды ма сіздерді?
Болашақта өз түсініктерінің үстемдік құруларына балаларды қару(қалқан) етулеріне жол ашып отырғандарыңызды түсінбей отырсыздар ма?
Әлде, түсінбеген болып, сондай топтардың ықпалынан шыға алмай отырсыздар ма?
Менің талабым: Мектепте бір ғана мектеп формасы бекітілсін. Болды сонымен.
Оған көнбегендермен құқық қорғау органдары айналыссын. Егерде, «солқылдақ» заңдарымыз болса, сол заңдардың «солқылдақтығын» жоятын заң жобасын ҚР Білім және ғылым министрлігі / Министерство образования и науки РК дайындап парламентке ұсыныңыздар.
Мектеп формасы мен ұлттық тәрбие бір-бірінен бөліп қарауға келмейтін, ұлттық идеологияның бір тармағы. Біздің ұлттық идеологиямызға қатысты дүниелерді сіздің министірліктің бір шешімдерімен өзге бір топтардың ығына жығып беруге хақыларыңыз жоқ!
Бұл мәселені шешу сіздерге қиындық тудырып, амалсыздан олай-бұлай бұлғақтап жатсаңыздар, онда, біріңғай мектеп формасын бекітуді парламенттің талқылауына ұсынып бастарыңызды бұл мәселеден арашалап алыңыздар. Бұл мәселе сол деңгейде бекітілуі керек. Сонда, сіздер тек бекітілген бірыңғай мектеп формасымен білім алуларын қамтамасыз ететін боласыздар. Мұндай мәселені сіздердің құрған комиссиялық шешімдеріңіздің құзіреті жалпы халықтық ұстанымға қарсы тұра алмайды. Ішкі комиссияларыңызбен ішкі техникалық мәселелеріңізді шеше беріңіздер.
Менің ұсынысым: Бұл мәселені ҚР Парламентінің Мәжілісі мен ҚР Парламентінің Сенаты отырысында талқыланып, сол деңгейде шешілуі керек. Тіпті, ол жаққа ұсынысты әзірлеуді ҚР Премьер-Министрі тікелей өз бақылауына алуы керек.
Болмаса, сіздердің мына істеріңіз «Белің көтере алмайтын шоқпарды білегіне байлау» секілді көрініс» — деді Рүстем Әшетаев.