«Путиннің Украинаға ашқан соғысы — Ресей халқына жасалған ауыр қылмыс»

0

БҰҰ жанындағы Ресей миссиясының кеңесшісі соғысты айыптап, Сергей Лавровты сынағаннан кейін отставкаға кетті.

«Путиннің Украинаға және бүкіл Батыс әлеміне ашқан агрессиялық соғысы тек украин халқына қарсы қылмыс емес, сонымен қатар Ресей халқына қарсы жасалған ең ауыр қылмыс», — деп жазылған Борис Бондаревтің Facebook желісінде жариялаған жазбасында.

«Бұл соғысты ойға алғандар билікте мәңгі қалуды, салтанат сарайларында өмір сүруді, шексіз билік пен жазасыз қалуды қалайды. Ол үшін олар өздерін құрбан етуге де дайын», — дейді ол әрі қарай.

Хабарлама авторы министр Лавровтың «бұл жүйенің деградациясының көрінісі» екенін айтып өтті.

Алайда Борис Бондаревтің отставкаға кеткені туралы ресми мәлімдеме әлі шықпады.