Олжас Сүлейменов: орыс тілі қазақ тілімен бір статуста қалуы керек

0

Танымал ақын Олжас Сүлейменов бүгін, 23 мамырда «Қазақстан халық конгресі» атты партия құрып жатқанын мәлімдеді, деп жазады kznews.kz сайты.

Партия құрып жатқанын мәлімдеген ақын орыс тілі туралы ойын да айтып өтті.

«Орыс тілі қазақ тілімен бір статуста қалуы керек. 2014 жылы орыс тілін статусынан айырған Украинада не боп жатқанын көрдіңдер ғой», — деді ол.

Сүлейменовтің айтуынша, кінә соғыс ашқан Ресейде емес, орыс тілін тастап, украин тіліне біржолата көшкен Украинада болып шықты.