2023 жылы зейнет жасы төмендемек
Қазақстанда 2023 жылы зейнет жасы төмендеуі мүмкін, деп Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
«Астана» телеарнасының хабарлауынша, Тоғжанов елде зейнет жасын төмендету мәселесі талқыланып жатқанын айтқан. Оның айтуынша, бұл мәселе терең зерттелуі керек.
«Осы жылдың аяғына дейін нақты шешім шығады. Қазір бұл талқыланып жатыр» деді ол.
Еске салсақ, қазіргі таңда ерлер үшін зейнеткерлікке шығу жасы – 63. Ал, әйелдер үшін – 60 жас. Бұл көрсеткіш 2027 жылға дейін біртіндеп 63 жасқа жетпек.