Жазасын өтеп шыққан «ҚазМұнайгаздың» экс-басшысы Ұлттық Компанияның топ-менеджерлерін жемқорлық жасады деп айыптады

0

ҚМГ басшылығының жүйелі сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар ма?  Серік Бүркітбаев не үшін қамауға алынды?  Бұл туралы Олжас Байділдиновтың atameken.business сайтында жаңа сараптамалық мақаласын жариялады 

2008 жылы ҚМГ-ны 3 айдан аз уақыт басқарған Серік Бүркітбаев Вадим Борейкоға, Арманжан Байтасовқа және Гүлнар Бажкеноваға сұхбат берді.

Әрине, бұл бейнежазбалардағы дөрекі сөздер құлаққа жағымсыз естіледі, алайда смартфон экранынан «бәрі жаман, бәрі жоғалды» деген дабыл ұрандарын тыңдауды ұнататын көрермендер үшін түсіндіру керек дүниелер бар.

1. Бүркітбаев кім?  Серік Минаварұлы мұнай саласын «бәрінен де жақсы білемін» дегенді алға тартатын азамат, дегенмен ресми өмірбаянына назар аударсаңыз, байланыс саласында және мемлекеттік құрылымдарда мұнай саласына қарағанда (12 жыл) көп жұмыс істегені анық.

«Қазақтелекомға» басшы болып тағайындалғанымен, 1996 жылы, яғни 39 жасында  Көлік және коммуникация министрі (1998-2000 жылдары), 2003 жылы «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ (ПАТШ) президенті болды. Ал 2006 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, 2008 жылдың 29 мамырында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшысы болып тағайындалып, сол жылдың 20 тамызында қызметінен босатылып, қыркүйекте қамауға алынды.

Ғылым академиясының жүйесінде (Мұнай химиясы институты, Математика және механика институты) біршама уақыт жұмыс істесе де, ресми өмірбаянында мұнай-газ секторындағы «кәсіптік» тәжірибе жоқ.

ҚМГ-ның жаңа басшысы ретінде премьер-министр қызметін атқарған Кәрім Мәсімов пен Қанат Бозымбаев (ол кезде ол «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ басқарма төрағасы болған) қатысты.

2. Неліктен түрмеге қамалды?  Сұхбатында ол ҚМГ басшылығына тиімсіз қызметкер болғанын, сыбайлас жемқорлық схемаларына қатыспағанын және келісім-шарттарды/жекешелендіруді қайта қарауды талап еткенін алға тартады.

Сол кездегі бұқаралық ақпарат құралдары, оның Рахат Әлиевке Қазақстан шенеуніктерінің телефондарын тыңдауға мүмкіндік беретін «Қазақтелекомның» деректерін берді деп айып таған болатын.  Нәтижесінде «мемлекетке опасыздық жасады» деп қамауға алынды  Олардың не үшін сотталғаны жұмбақ.

(фото ашық ақпарат көздерінен алынды)