Домой Шоу-бизнес Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбайдың үйлену тойынан фотолар желіде тарап кетті

Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбайдың үйлену тойынан фотолар желіде тарап кетті

0
981

Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбайдың үйлену тойынан фотолар желіде тарап кетті. Желі қолданушылары бақыт тілеп, ықыласын білдірді.

Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбайдың үйлену тойынан фотолар тарап кетті. Қос әнші осыдан екі жыл бұрын шаңырақ көтерді. Ақерке Бүркітбай оң босағадан ұзатылып шықты. Ал карантин талаптарына байланысты екі әншінің үйлену тойы өткен жоқ.

Роза Рымбаева ұлының тойын карантин уақыты аяқталғанда жасауға уәде еткен еді. Енді желіде анасы мен ұлы, келінінің тойда түскен суреттері тарады.

Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп жатыр. Ал енді бірі мұның фототүсірілім үшін түскен суреттері деп өз болжамын айтты.

“Бақытты болсын, екеуі жарасымды жұп”, “Аман болыңдар, балалы-шағалы болыңдар”, “Келіні жақсы үйдің керегесі алтын”, “Неге видеолары жоқ, жасырын жасаған ба?”, “Бұл жай ғана фототүсірілім секілді, той болмаған”, “Не болса да бақытты болсын”, “Неге бірге түскен суреттеріңізді жүктемейсіздер?”, “Келіні мен енесі бөлек тұра ма?”, “Той бұған дейін өтіп кеткен шығар”, “Салиқалы, үлгілі отбасы болыңдар”, де жазды олар.

Жұлдызды отбасы қуанышты күннен өзге фото-видео жариялаған жоқ.

(Ақпарат, Фото stan.kz)