Ресей Украинаға қарсы химиялық қару қолдана бастады (видео)
Украина мемлекетіне қарсы арнайы әскери операция жасап жатқан Ресей Федерациясы химиялық қарудың көмегіне жүгінді. Ресейліктер фосфорлық бомбаны Украинаның Мариуполь қаласындағы Азовсталь зауытына тастаған, деп хабарлайды kznews.kz сайты oinet.kz сайтына сілтеме жасап.
Фосфорлық бомба — адам өміріне орасан зор қауіп төндіретін қару түрі. Бомба түскен жеріндегі бүкіл оттегіні жағып жіберіп, адамды тірідей өртеп тастайды. Бұл бомба түрін қолдануға БҰҰ тыйым салған.