Домой Жаңалықтар Танымал актер Сағат Жылгелдиев қайтыс болды

Танымал актер Сағат Жылгелдиев қайтыс болды

0
521

Танымал актер Сағат Жылгелдиев қайтыс болды. Бұл туралы kznews.kz сайты жазады.

Актердің әріптестері әлеуметтік желілерде жылы естеліктерімен бөлісіп жатыр.

«1983 әлде 84-жылы Талдықорған облысының өнерлі қауымы Алматыдағы аламанға қатысты. Топ басында әкеміз Әбікен, ол кісі айтысқа түседі. Жетісу әншісі деп Гүлмайдан Сүндетова шықты. Ал жыршылар жарысына облыстық театрдың жас актеры Сағат аға Жылгелдиев қатысып еді. Көзі жәудіреген қияқ мұртты жігіт Мұқағалидың сөзіне жазылған  Алмахан апамыздың «Жапырақ жүрек жас қайыңын» орындағанда залдағы жұрттың жанарынан жас сорғалап сала берген. Осы айтыстан кейін «Алатау» телеарнасы студияға шақырып,  әкемізден Бақтыбай мен Тезек төренің айтысын, Сағат ағадан «Жас қайыңды» жазып алды. Сол жастық дәуренін,   әкемізді ұмытпай жиі сәлем жолдайтын. Беу, дүние! …Келісемісің, жас қайың, жанымды айырбастайын… Алатаудың бөктеріне қайыңның бір жас шыбығы біткен шығар. Сағат аға бақилық болыпты. Иманыңыз саламат болсын, аға», — деп жазды Серік Әбікенұлы.

Сайт ұжымы марқұмның отбасына, ағайын-туысына қайғыра көңіл айтады!