Қоғам қайраткері батырлар шеруіне рұқсат берген Алматы әкімін сынға алды

0

9 мамырда Алматыда Жеңіс күніне орай «Батырларға тағзым» деген атпен шеру өтті. Сол шеруде кейбіреулер Иосиф Сталин мен Лаврентий Берияның портретін ұстап келген. Белгілі қоғам қайраткері Мұрат Әбенов шараға рұқсат берген Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты сынады, деп хабарлайды kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

«Досаевтың идеологиялық айласы. Тоқаев мұндай әкімдермен «Жаңа Қазақстанды» қалай құрмақшы? Қасіретті қаңтарда Қазақстанның 220 азаматы қаза тапқан қалада қала басшылығы Сталин мен Берияның портреттерін алып шығуға рұқсат берген. Азаматтардың мұңын сезбеген әкім оларды басқаруға лайық емес», – деп жазған Әбенов Facebook-тегі парақшасында.

Қоғам белсендісінің пікірін саясаттанушы Мұхтар Тайжан да қолдаған. «Толық келісемін, бұл – мәңгүрттік» – деген Тайжан.

Жазба астындағы желі қолданушыларының пікірлері де әртүрлі. «Досаев сөзсіз кетуі қажет», «Бұл адамдар қазақтар ма? Олар өздерінің тарихтарын біледі ме?!», «Сөз жоқ, ұят» деп жазды олар.