Блогер Төребаевтың жұбайы Есеева Президент әкімшілігінің қабылдауында болды
Танымел вайнер, блогер Мейіржан Төребаевтың жұбайы Дана Есеева Президент әкімшілігінің қабылдауында болғаны туралы жазба қалдырды, деп хабарлайды kznews.kz сайты «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап.
«Күні кеше мен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің қабылдауында болдым. Менің өтінішім естеріңізде болса, олар мені тыңдап, кездесуді белгіледі. Іс ерекше бақылауға алынды. Мен адвокаттардың және Мейіржанның ісі бойынша жіберілген заң бұзушылықтар туралы арыздарын жолдадым.
Біз тек объективті және заңды тергеуді сұраймыз, осылайша іс мүдделі емес тұлғаларға берілуі мүмкін. Мен мерекеден кейін жақсы жаңалық болады деп ойлаймын. Параллельді түрде, әрине, адвокаттардың жұмысы жүріп жатыр. Алғашқы күндері моральдық тұрғыдан шаршасам, қазір сүйікті адамым үшін күресуге күш-қуатым толы. Отбасымызды сұрап, мазалап жүрген барша жандарға рахмет», — деді парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, Дана Есеева 25 сәуір күні Қасым-Жомарт Тоқаевтан Мейіржан Төребаевтың ісіне араша болуын сұраған еді.