Елнұр Бейсембаев: Сайлауда «Аманат» партиясының да дауысы ұрланды

0

Мәжіліс депутаты, жастарды қолдау кеңесінің басшысы Елнұр Бейсембаев сайлауда «Аманат» партиясының да дауысы ұрланғанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Біздің де дауысымыздың ұрланғанына куәгер болғанбыз. Мына жерде сайлау әділетті өтіп жатқан жоқ дедік. Өткен сайлауда мен жұмыс жасадым. Жас бақылаушылардың тобын құрдық. Солардың өзінен 300-ден астам әртүрлі заңбұзушылықтарды тіркедік. Осы мәселе бойынша сайлау орталығына ұсынымысымызды бердік. Бұл сайлаудағы қателіктерге келесі сайлауда жол бермеу үшін жұмыс жасаймыз деген шешім қабылдадық», — дейді депутат.